jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанда күн 8 градусқа дейін суытады

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн суытып, жаңбырсоңы қарға айналады.

Қазақстанның басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі.

5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жаууы ықтимал.

Синоптиктер 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын шашынсыз болады деп болжады.

Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, кезеңнің соңына қарай ауа температурасы түнде -3...+5 градус аралығында болады, таулы аудандарда -8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0...+7 градус аралығында болады, таулы аудандарда -2 градусқа дейін төмендейді.

Алдағы күндері Қазақстанда күн 8 градусқа дейін суытады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.