Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құймақ табасы қандай болуы керек

Жарияланған күні:

Құймақтар
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Құймаққа арналған мінсіз таба қандай болуы керек? Қазақстанға әкелінетін құймақ пісіретін табаның барлық стандартқа сәйкестігін тексеруге кім көмектеседі? "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі FISSMAN құймақ табасының үлгісін сынақтан өткізді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қытай өнімдері: азық-түлік сатып алғанда не нәрсеге мән беру керек

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Астана қаласындағы филиалының Тестілеу орталығынан SP 5208 үлгісіндегі FISSMAN BIOECOLISTIC көпфункционалды құймақ табасының үлгісі сынақтан өтті.

Құймақ табасы
Фото: Биятан Жанна

2024 жылғы 14 тамыздағы № 3150Э сынақ хаттамасында Кеден одағының 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" қолданыстағы техникалық регламентіне сәйкес, тауар өндірілген елдің атауы, өнімнің таңбаламасы жоқ болып шықты. Сондай-ақ пайдалану құжатында ешқандай ақпарат болмаған. Сол секілді:

  1. Мақсаты туралы ақпарат;
  2. Сипаттамалары мен өлшемдері;
  3. Қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары;
  4. Орнату, сақтау және тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары (қажет болған жағдайда оларға қойылатын талаптарды белгілеу);
  5. Осы жабдықтың ақаулығы анықталған жағдайда қабылданатын шаралар туралы ақпарат;
  6. Орыс және қазақ тілдеріндегі пайдалану құжаттары жоқ.

Дегенмен сынақтар кезінде тауар жабынынан ешөандай мін анықталған жоқ.

"Кеден одағының "Техникалық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігі" 020/2011 техникалық регламентіне сәйкес бұзушылықтар анықталмады", - дейді сарапшы Ж.Биятан.

"Өнім техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс істейді. Өнімділік сапасы "B", - делінген хаттамада.

Электростатикалық разрядтарға келетін болсақ, құрылғы Техникалық регламентке сәйкес қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс сапасы "А".

Оқырмандарға арналған анықтма:

Құймақ табасы – құймақ жасауға арналған арнайы таба немесе құрылғы. Сондықтан бұл өнім бірден бірнеше ережелерге бағынады. Біріншісі – Кеден одағының "Техникалық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігі" 2020/2011 техникалық регламенті.

Осы регламент Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылған, электромагниттік кедергілер тудыруы мүмкін немесе жұмыс сапасы сыртқы электромагниттік кедергілердің әсеріне байланысты болатын техникалық жабдыққа қолданылады.

Алайда бұл техникалық регламент мына техникалық құралдар үшін: басқа техникалық құралдарды өндірушілер олардың құрамдас бөліктері ретінде пайдаланатын және түпкі тұтынушының (пайдаланушының) дербес пайдалануына арналмаған; электромагниттік үйлесімділікке қатысты пассивті; атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген; бұрыннан пайдаланылған (пайдалануда); медициналық бұйымдар үшін; қорғаныс пен қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаныс өнімдеріне, оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары бойынша жеткізілетіндерге қолданылмайды.

"Осы техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін қорғауды қамтамасыз етуде Кедендік одақ аумағында техникалық құралдарды тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді болдырмау мақсатында техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігіне қойылатын талаптарды реттеуге және белгілеуге көмектеседі", - деп түсіндірді Жанна Биятан.

004/2011 регламенті туралы бір ауыз сөз

Құрылғылардың қауіпсіздігін реттейтін тағы бір маңызды ереже – 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" стандарттар тізбесі.

"Бұл нормативтік құжат 2010 жылдың 18 қарашасындағы Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеу ережелерінің бірыңғай қағидаттары туралы келісімнің 13-бабына сәйкес Кеден одағының комиссиясымен қабылданған", - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл стандарттар тізбесі ерікті негізде қолданылады және Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар құжатта Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарын қолдану және іске асыру үшін қажетті сынамаларды іріктеу ережелерін қоса алғанда, зерттеу (сынау) мен өлшеудің стандарттары мен әдістері (КО ТР 004/2011) және техникалық реттеудің сәйкестікті бағалау объектілері (қоса беріледі).

Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, бұл мәселеде азаматтардың өздері де жауапты екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарлса алатыныңызды ескертеміз.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан, сондай-ақ басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183738-quimaq-tabasy-qandai-boluy-kerek/