Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді
Жарияланған күні:
Павлодарда қатты жел мен қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Павлодар қалалық білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болған ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 7 қарашасында қала мектептерінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірінші ауысымындағы және 1-11 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Оған қолайсыз ауа райы себеп болды. Қалада ауа температурасы -1 градус және желдің жылдамдығы 14-25 м/с.
Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік.
Сондай-ақ 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184260-elimizding-bir-ongirinde-mektep-oqushylary-qashyqtan-oqytuga-koshirildi/