jitsu gif

Бірқатар қазақстандық компания Ұлыбританияның санкция тізіміне кірді

Қазақстан мен Ұлыбритания тулары
Фото: 24.kz

Алты қазақстандық компания Ұлыбританияның санкциялар тізіміне енді. Бұл мәлімет Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбритания санкциясына ұшырап, Ресей әскерін тауармен қамтамасыз етуге қатысы бар делінген тізімде Қытай, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан, сондай-ақ Ливия компаниялары бар.

Қазақстандық мына компаниялар санкция тізіміне енді:

  • STANEX GROUP LIMITED LIABILITY PARTNERSHIP
  • KAZSTANEX LIMITED LIABILITY PARTNERSHIP
  • CPS Energy LLP
  • ZAPCHASTTRADE LLP
  • TOO TawKZ
  • Rabadaziya LLP

Ұлыбритания үкіметінің мәліметінше, санкциялар тізіміне енген компаниялар ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен үшін станоктар, микроэлектроника, ұшқышсыз ұшақтардың құрамдас бөліктері, шарикті подшипниктер және басқа да тауарларды жеткізумен айналысқан.

KAZ.NUR.KZ бұл мәселеге қатысты түсінік алу үшін Сауда және интеграция министрлігіне сауал жолдады.

Еске салайық, жақында АҚШ Қаржы министрлігі қазақстандық компанияны Қытай арқылы Ресейге станок тасымалдады деп айыптаған болатын.

Сондай-ақ тамыз айының соңында қазақстандық Catu Tech компаниясы Ресейге микроэлектроника бар жүк жеткізгені үшін АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.