jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Денсаулық сақтау министрлігі ер адамдарды жаппай тексеру жобасын іске қосады

Дәрігер. Көрнекі фото
Дәрігер. Көрнекі фото: Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында 2025 жылдан бастап ерлерге арналған медициналық скринингтің басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрдің айтуынша, көптеген ересек үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология.

"Келесі жылы біз 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Денсаулығымызға бүгіннен бастап қамқорлық жасауымыз керек. Тек тұрақты тексерулер мен профилактикаға назар аудару өмір сапасын сақтауға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар -бұл сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз.

Дәрігерлердің еңбегі мен сіздерің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа - сау және белсенді қоғамға барамыз. Денсаулық – бұл біз бірге күтетін құндылығымыз екенін есте сақтау маңызды", -деді Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі ер адамдарды жаппай тексеру жобасын іске қосады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.