jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ішкі істер министрлігі өкілдері көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Боран
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ІІМ мәлімеетінше, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары, сондай-ақ елордадағы трассаларда тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр.

"Боран мен көктайғақ салдарынан жолдарда қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыстың барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Көру мүмкіндігінің азаятынын ескере отырып, жылдамдықты асырмауды сұраймыз. Маневр жасаудан аулақ болыңыздар, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар. Жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде жүргізушілер өте мұқият болуға тиіс.

Автокөліктің техникалық жағдайын тексеру және қысқы доңғалақтарды пайдалану өте маңызды. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда алыс сапарға шықпаңыздар. SMS-хабарландырулар мен ресми дереккөздердегі ақпаратты назардан тыс қалдырмаған жөн. Жол жүрісі қағидаларын сақтау – қауіпсіздік кепілі.

Төтенше жағдай орын алса, 112 нөмірі арқылы шұғыл қызметке, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыздар", - деп еске салды полиция қызметкерлері.

Ішкі істер министрлігі өкілдері көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.