Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ережелерге бағынбайтын тамақ өнеркәсібі

Жарияланған күні:

Қыз дүкенде банка ұстайды
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Өнімдер мен тауарлар тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндірген жағдайда, қолданыстағы ережелер мен сапа стандарттары екінші орынға ысырылғанда, көмекке "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары келеді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Қарағандыда 022/2011 техникалық регламенті сәйкестігіне қатысты тағы да "өнімнің бұзылғаны" анықталды. Өйткені бұл стандарт азық-түлік өнімдерінің таңбаламасы тұрғысынан сәйкестігін болжайды.

Шындығында, қарапайым сөзбен айтқанда, ақпаратты тек тексерілген және сенімді өнім өндірушілері беруі керек. Сонымен қатар барлық ақпарат орыс және қазақ тілдерінде қатар ұсынылуы қажет.

Қарағанды ​​облысы бойынша ҚР Денаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасына түскен алғашқы үлгі – ресейлік өндірістің "Темпура" нан қоспасы болды.

Темпура
Фото: Биятан Жанна

2024 жылдың 26 маусымындағы № 107 хаттамаға сәйкес афлатоксин, мышьяк, кадмий нормаларының асып кетуі анықталған жоқ. 26 маусымдағы №106 хаттамасының басқа шешімі аясында альфа және бета изомерлері, гексахлобензол және ДДТ және оның метаболиттері анықталмады. Ал келесі 2024 жылдың 24 маусымындағы №654 хаттама аясында ақпарат тек орыс тілінде ұсынылды. Мемлекеттік тілде аудармасы болған жоқ.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятанның айтуынша, бұл олқылық Қазақстан заңнамасының бірнеше бабына бірден қайшы келеді. Біріншіден, "Қазақстан Республикасының Тіл туралы" заңының 21-бабына сәйкес, "Шетелдік өндіріс тауарларына арналған арнайы ақпараты бар тауар жапсырмалары (затбелгілер), таңбаламалар, нұсқаулықтар импорттаушы ұйымдардың шығыстары есебінен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексі де жапсырмасы мен таңбаламасы жоқ тауарларды өткізу тәртібін реттейді.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 203-бабына сәйкес "Жеке кәсіпкерлердің және сауда қызметін іске асыратын ұйымдардың тауардың шығарылған елі туралы, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарынсыз не сенімді және өнім (қызмет) туралы қазақ және орыс тілдерінде жеткілікті ақпаратсыз – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК көлемінде айыппұл салынады", - дейді сарапшы Ж.Биятан.

Сыналған өнімдердің екінші үлгісі "Рогачев сливки питьевые стерилизованные" майдың массалық үлесі 20%" болды.

"Рогачевъ" кремi
Фото: Биятан Жанна

"Алдыңғы үлгідегідей, мұнда да мемлекеттік тілде ақпарат болмады. Алайда 2024 жылдың 26 маусымындағы №10 тағы бір хаттамасы бойынша, барлық микробиологиялық көрсеткішт қалыпты", - деп қосты сарапшы.

Үшінші сынақ үлгісі көпшілік жақсы көретін "Имитированная рыбная продукция. Палочки крабовые "Санта-Бремор" сауда белгісіндегі "Снежный краб Ногеса. Имитация пастеризованные замороженные" болды.

"Ал ұсынылған өнімде де мемлекеттік тілдегі ақпараттың жетіспеушілігін байқаймыз", - дейді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Төртінші сынама "Бифидобактериялармен байытылған айран, майдың массалық үлесі 2,5 пайыз деп көрсетілген "Гордень кефир 2,5" үлгісі болды.

"2024 жылдың 20 қыркүйегіндегі №336 хаттамасында азық-түлік үлгілерін зерттеу әдісімен анықталғаны – таңбалама тек орыс тілінде жазылған", - деп түсіндірді сарапшы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды ​​облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша азық-түлік өнімдерінің осы үлгісі бойынша басқа бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұл кеңес беру сипатындағы ақпарат жарнама болып саналмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.

Ойландыратын жайт

  • Ішкі нарықты сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінде тауардың тұтынушылық қасиеттеріне немесе сапасына қатысты бұрмалаушылық болғанда немесе тұтынушыларды басқаша алдағанда;
  • Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу;
  • техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
  • техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес растайтын немесе сәйкестігін растайтын құжаттарсыз өнімді айналымға шығару;
  • тауардың шығарылған елі, өндірушісі, жеткізушісі немесе сатушысы туралы мәліметтерді немесе тауар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді және жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттарсыз тауарларды сату;
  • сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шыққан жері, өндірушілер, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және шағымдарды беру тәртібі туралы қажетті ақпаратты бермеу жағдайларына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Кәсіпкерлер азық-түлік өнімдерін өндіруде техникалық регламенттер мен технологиялық процестердің талаптарын сақтау – тек міндеттеме емес, тұтынушылардың сенімін ақтауға мүмкіндік беретінін түсіну маңызды. Өнім туралы ақпараттың ашықтығы табысты бизнестің кілті болып саналады, ал бұзушылықтар қаржылық шығындарға және беделді жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі арқылы немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185557-erezhelerge-bagynbaityn-tamaq-onerkasibi/