jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттен шыққан көлік жүргізушісі мас күйде 40 жолаушыны тасымалдаған (видео)

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Видеодан кадр: otyrar.kz

Астана-Петропавл тасжолының 232-шақырымын патрульдеу барысында ақмолалық полицейлер Van Hool маркалы автобусты тоқтатты. Рөлде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны отырған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Тәртіп сақшылары оған бірден Бурабай аудандық ауруханасына медициналық куәландарудан өтуді ұсынады. Онда дәрігер ер адамның орташа дәрежедегі алкогольді масаң күйде екенін анықтаған.

Автобус салонында Шымкенттен шыққан 40 жолаушы отырған. Аталған факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал автобус басқа жүргізушімен тиісті нүктеге аттанды.

Шымкенттен шыққан көлік жүргізушісі мас күйде 40 жолаушыны тасымалдаған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.