Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Yandex Qazaqstan жетекші ЖОО студенттері үшін жасанды интеллект бойынша воркшоптар сериясын шығарды

Жарияланған күні:

Студенттерге арналған воркшоп
Көрнекі фото: depositphotos.com

Yandex Qazaqstan сарапшылары ҚБТУ, ХАТУ, ҚазҰТЗУ, ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰY студенттеріне арналған практикалық оқыту іс-шараларының сериясын өткізеді.

Воркшоп қатысушылары машиналық оқыту технологияларын енгізудің пайдаланушылар мен бизнестің міндеттерін шешуге қалай көмектесетінін, нейрондық желілердің өмірдің әртүрлі салаларына қалай енетінін, білім беру процесін өзгертетінін және оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын білетін болады. Сонымен қатар, студенттерге Қазақстанда енгізілген шешімдердің мысалдары арқылы нейрожелілерді кім және қалай оқытатыны туралы айтылады.

Іс-шаралар циклі 11 қарашада басталды. Студенттер алдында Яндекс браузердің ML-командасының басшысы Сергей Юдин, Яндекс Білімнің жоғары оқу орындарымен жұмыс жөніндегі бағыттың басшысы Кирилл Баранников, Яндекс Іздеуді халықаралық дамыту жөніндегі директор Александр Поповский, Қазақстандағы Іздеу өнімі жөніндегі директор Виктор Сикора, Яндекс Іздеудің өнім менеджері Салтанат Болатбекова сөз сөйлейді.

Қазақстанда экономиканың түрлі салаларына жасанды интеллект енгізу бойынша стратегиялық жоспар әзірленді. 2029 жылға қарай жасанды интеллект өнімдерінің саны бес есе артады деп күтілуде. Воркшоптар студенттерге ІТ-тәжірибешілерден тікелей білім алуға және олардың әрі қарай кәсіби даму жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185793-yandex-qazaqstan-zhetekshi-zhoo-studentteri-ushin-zhasandy-intellekt-boiynsha-vorkshoptar-seriiasyn-shygardy/