Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

SMS арқылы әскерге шақыру: Қорғаныс министрлігі өкілі "шақыру парағы" қала ма деген сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Сарбаз киімі
Сарбаз киімі. Көрнекі сурет: gov.kz/memleket

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахдиев Қазақстанда әскерге шақыру мәселесінде не өзгеретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Дархан Ахдиев әскердегі цифрлық шешімдер туралы айтты.

"Заң бойынша әскерге баруды кейінге қалдыру үшін кей азаматтарды босату қазірдің өзінде қолжетімді (SMS – ред. ескертпесі). Жүйе Big Data-дан кім шақырылатынын және кім шақырылмайтынын айтады. Жарамсыз адамдар үшін мерзімді қызметтен кейінге қалдырылуы немесе босатылуы мүмкін екендігі туралы SMS хабарлама жібереміз. Жүйе көрсеткендей, бүгін күзгі шақыру бойынша 400 мыңнан астам адам кейінге қалдырылды. Көктемгі және күзгі шақыруды қоссақ, онда 700 мыңнан астам адам бар. Жоба өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді", – деді спикер.

Оның айтуынша, кейінге қалдыруды студенттер, мүгедектер, некеде тұрған балалары бар ер адамдар, сондай-ақ депутаттар мен дін қызметкерлері ала алады.

Ведомство басшысының орынбасары қағаз түріндегі әскерге шақыру қағазы Қазақстанда SMS хабарламалар енгізілгеннен кейін де қалады ма деген сұраққа да жауап берді.

"1414 арқылы SMS-хабарламалар жіберіледі, бірақ шақыру қағаздары алынып тасталмайды. Жүйенің жұмыс істейтініне көз жеткізген кезде SMS-ескертуге толығымен ауысуға болады. Барлық ұялы телефондар дерекқорларда тіркелмеген, сондықтан біз шақыру қағаздарын жіберуге мәжбүрміз. Сондай-ақ қағаз шақыртуды біз заң бойынша мерзімді қызмет өткеруге жататын азаматтарға ғана жолдаймыз", - деді Ахмедиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185952-elimizde-sms-habarlamaga-bailanysty-askerge-shaqyru-paragyn-zhiberu-toqtai-ma-qorganys-ministrligi-okili-zhauap-berdi/