jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Шарын шатқалында құны 1,5 млрд теңге болатын аспалы көпір салынады

Шарын шатқалы
Шарын шатқалы. Фото: charyn-park.kz

2025 жылы Шарын шатқалында аспалы көпір құрылысы басталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік таратқан мәліметте жоба құны 1,5 млрд теңге екені көрсетілген. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жобаны іске асыру барысында 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Аспалы көпір құрылысы 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұған қоса, облыс әкімдігі өкілдері Шарын туристік аймағына электр желісін тартуға 87 млн теңге бөлінгенін жариялады.

Бұл шатқал – Шарын өзені бойымен 150 шақырымға созылып жатқан табиғи нысан. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биыл жарты жылда Алматы облысындағы туристік нысандарға, соның ішінде Шарын шатқалына 215 мыңнан аса турист барған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Шарын шатқалында құны 1,5 млрд теңге болатын аспалы көпір салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.