Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектеп оқушыларын тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленбек

Жарияланған күні:

ыстық тамақ
Ыстық ас. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектеп оқушыларын тамақтандырудың жаңа стандарты дайындалатынын мәлім етті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлназарованың айтуынша, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен, басқа да мемлекеттік мекемелер өкілдерімен бірге мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесі талқыланған.

Министр екі жылдан бері 1-4 сынып оқушылары мектепте тамақты тегін алатынын, сол үшін жыл сайын 175 млрд теңгеден аса қаражат бөлінетінін жазған.

"Енді келесі қадамға көшу керек: елдегі мектептердің бәріне ортақ жаңа стандарт дайындалады. Жаңа тәртіп балаларымызға сапалы, пайдалы әрі қауіпсіз тамақ беруді көздейді", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Әлназарованың пікірінше, дұрыс тамақтану – әр адамның дұрыс дамуы мен қалыптасуы үшін он жыл алдын құйылатын құнды капитал.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Қазақстанда 1-4 сыныптар оқушылары үшін тегін тамақ беру жоспары қабылданды. Бұған қоса, 2022 жылы елдегі оқушыларға мектепке тамақты үйден алып келуге рұқсат берілді. Оның алдында оқушыларға үйден тамақ әкелуге ешқандай тыйым болмаған, алайда мектептердің кейбірі осы мәселеге қатысты өз шектеулерін еркін енгізіп жүрген.

Былтыр қазанда Алматы облысында мерзімі өтіп кеткен азық-түлікке қатысты дау шықты. Осы аймақтағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өтіп кеткеніне екі жыл болған йогурт таратылған.

Сол кезде оқу-ағарту министріне Қазақстанда оқушыларды тамақтандыру жүйесін қайта қарау мүмкіндігі туралы сауал қойылған.

Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186363-qazaqstanda-mektep-oqushylaryn-tamaqtandyrudyng-zhanga-standarty-azirlenbek/