Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы жас жігіттің қазасы: әкім ойын-сауық мекемелері бойынша тапсырма берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түнгі клуб
Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше Көкшетаудағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша полицейлер мекемелердің рейтингін құрып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғыны өлтірілгені белгілі болды. Жігіт сол күні некесін қидырған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жанжалдың қалған 6 қатысушысы да анықталып, ұсталды.

Марқұмның туыстары кінәлілерді әділ жазалауды сұрап отыр. Олар "бұған дейін Ішкі істер министрлігін басқарған Ақмола облысының әкімі осы істі назарына алса екен" деген тілек білдірді.

NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Ақмола облысы әкімдігіне хабарласты. Әкімдік өкілдері бұл қылмыс қазір облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

"Ақмола облысы туристер көп келетін жер екенін ескерсек, ойын-сауық мекемелерінде төбелеске, әсіресе кісі өлтіруге жол берілмейді.

Сондықтан облыс әкімі уәкілетті мемлекеттік органдарға құқықбұзушылықтардың жасалу себептері мен шарттарына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін әкімдік облыстағы проблемалық құқықтық тәртіп мәселелерінің картасын бекіткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, облыста жедел басқару орталығы мен полицияның кезекші пункттерімен біріктірілген, оның ішінде бет-әлпетті тану және қараусыз қалған нысандарды анықтау функциялары бар 61 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар.

"Қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы аясында полиция департаменті ойын-сауық мекемелерінің рейтингін жасауда, ол жақын арада жарияланады.

Осыған байланысты, егер кәсіпкерлер осы рейтингте көш басында тұрғысы келмесе, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрғын үйлердегі шудан оқшаулауды күшейтіп, сервисті жақсарту – келушілерге жайлы демалысты қамтамасыз ету керек", - деді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187012-kokshetaudagy-zhas-zhigitting-qazasy-akim-oiyn-sauyq-mekemeleri-boiynsha-tapsyrma-berdi/