jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбені қар басып қалды (видео)

Ақтөбеде толассыз қар жауды
Ақтөбеде толассыз қар жауды. Фото: instagram.com/aqtobe_akimat

Ақтөбені қар басып қалды. Қаладағы жолдарды күтіп ұстаумен айналысатын 17 мердігер ұйымның жұмыстары күшейтілген режимге ауыстырылды. Жұмыс бригадалары екі ауысыммен күні-түні жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қала маңындағы елді мекендердің жолдары да тазартылып жатыр.

Мердігер мекемелер бригадалары алдымен магистральді жолдарды, қоғамдық көлік бағыттарын қардан тазартады. Қала 24 учаскеге бөлінген, олардың әрқайсысын қыста күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым бекітілген. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника шығады.

Қаланы қардан тазарту үшін күндізгі ауысымда 30 бригада (40 тиегіш, 150 жүк көлігі) және түнде 20 бригада (20 тиегіш, 60 жүк көлігі) жұмылдырылады.

Мердігерлер қазірдің өзінде 1250 тонна тұз, 1830 тонна құм-тұз қоспасы және 2000 тоннадан астам құм жинаған.

Ақтөбені қар басып қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.