Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚАЖК өкілдері Бишімбаев қай жерде жазасын өтеп жатқанын хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Куандық Бишімбаев.
Куандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

ҚАЖК өкілдері Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан колония туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл ақпаратты комитеттегілер Нүкеновтер отбасының адвокаты Жанна Уразбаховаға хабарлады. Ведомствоның ресми жауабын ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Адвокатқа берген жауапта көрсетілгендей, сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын Степногорск қаласындағы Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде өтеп жатыр.

Адвокат Жанна Уразбахованың Stories-нен
Адвокат Жанна Уразбахованың Stories-нен. Скриншот: instagram.com/advokatzhanna

Ал бұған дейін ҚАЖК өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап ретінде сотталған азаматтың нақты орналасқан жері туралы ақпаратты жария етпеген болатын.

Жауапта тек "сотталушы сот тағайындаған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеп жатыр" деп көрсетілген.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері экс-министр Бишімбаевтың "қашып кеткені" туралы желіде пайда болған қауесеттерге жауап берген болатын.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды. Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды.

Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187992-qazhk-okilderi-bishimbaev-qai-zherde-zhazasyn-otep-zhatqanyn-habarlady/