Елімізде қыста ауа райы қандай болмақ: синоптиктер болжам жасады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.
Консультативтік болжамға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде жиі циклондық қызметтің әсері күтіледі, ол әдетте қар, боран және екпінді желмен бірге жүреді.
Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады, ал таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман жиі кездеседі.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, солтүстік-батыс және солтүстік антициклондар ауа температурасын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуы жиі болады, бұл "температуралық әткеншек" деп аталады:
Елдің солтүстік жартысында айдың бірінші жартысында ауа температурасының түнде -18-23°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз -4+1°С-тан 8-13°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Желтоқсанның екінші жартысында ауа температурасы түнде -25 -37 градус дейін, күндіз -15-25 градусқа дейін өзгеруі мүмкін, үшінші онкүндіктің кейбір күндерінде аяздың беті қайтады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнгі уақытта -10...-18 градустан 0-5 градусқа дейін, күндіз-0-5 градустан +3 +12 градусқа дейін ауытқиды. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде жекелеген күндерде аяз түнде -15.-22 градусқа дейін, күндіз -5 -13 градусқа дейін күшеюі мүмкін.
Қыстың алғашқы екі айында, яғни, желтоқсан және қаңтар айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болуы ықтимал. Ақпан айында республиканың көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188205-elimizde-qysta-aua-raiy-qandai-bolmaq-sinoptikter-bolzham-zhasady/