Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перизат Қайрат екі ай мерзімге қамауға алынды

Жарияланған күні:

Перизат Қайрат
Перизат Қайрат: instagram.com/01pk

Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұл жөнінде Астана сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарынан күдікті П.Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түскен.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П.Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", - Астана қаласы тергеу сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.

Кейін қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

AMANAT партиясының өкілдері де Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, партияның оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Бүгін, 16 қарашада ҚМА өкілдері Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қаржыдан 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп тағы бір күдікке ілінгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188289-perizat-qairat-eki-aiga-qamauga-alyndy/