jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Өскеменде бірқатар ықшам ауданның тұрғындары жылусыз қалды

Жарылған құбыр
Жарылған құбыр. Фото: Yk.kz

Өскемендегі жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалды. Бүгінде ақау орны анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Yk.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ықшам аудандағы Драма театры мен "Ертіс сити" тұрғын үй кешені аумақтарында диаметрі 630 мм жылу магистралінде ақау шығып, соның салдарынан жылу беру тоқтатылды.

Оқиға орнында "Шығыс Жылу" АҚ мамандары мен облыстық және қалалық әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Ақау орны анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

"Мамандар мен техника сол жерже жұмыс істеп жатыр. Ақау шыққан орынды анықтауда қиындықтар болды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беріледі. Түсіністік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтып, сабыр сақтауды сұраймыз. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов. 

Өскеменде бірқатар ықшам ауданның тұрғындары жылусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.