jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер Қазақстанда жауын-шашын қашан тоқтайтынын айтты

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады. Тұман, көктайғақ, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 19-21 қараша аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

"Антициклон әсерінен тек 21 қарашаға таяу республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстары жауын-шашынсыз ауа райы болады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктер температура фонында күрт өзгерістер болжанбайтынын мәлім етті.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары үшін бір аптаның ауа райы болжамын жасаған болатын.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның қыс мезгіліне – 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейінгі аралықтағы маусымдық ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктер Қазақстанда жауын-шашын қашан тоқтайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.