jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Мемлекеттік ту
Мемлекеттік ту. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы 10 күн демалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ egov.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін сенбі, 14 желтоқсан жұмыс күні. Ал жексенбі, 15 желтоқсан мен дүйсенбі 16 желтоқсанда демалыс болып саналады.

Сонымен бірге 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болып есептеледі.

Желтоқсан айында кәсіби мерекелер де жетерлік:

  • 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
  • 6 желтоқсан – Прокурор күні;
  • желтоқсанның үшінші жексенбісі (15 желтоқсан) – Энергетиктер күні;
  • 20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
  • 22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.

Автор: Динар Мұрат

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.