Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы қайырымдылық қорларын мемлекет бақылауға ала ма: қаржы министрі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әмиян және ақша
Әмиян және ақша. Көрнекі сурет: athima tongloom/Getty Images

Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Тақиев ұрлыққа жол бермеу үшін Қазақстанның қайырымдылық қорларын толықтай мемлекеттік бақылауға алу қажет пе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрден блогер, Biz Birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайраттың атышулы ісінен кейін қайырымдылық қорларды бақылау мәселесі сұралды.

"Бұл ғана емес, қаражат басқа мақсатқа жұмсалса. Бірақ оларға мемлекет тарапынан бақылау болуы керек. Мен Қаржы министрлігі арқылы, бюджет арқылы деп тұрғаным жоқ, жалпы бақылау болуы керек дегенім", - деді Мәдиев.

Еске салайық, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.

Кейін қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

AMANAT партиясының өкілдері де Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, партияның оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Бүгін, 16 қарашада ҚМА өкілдері Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қаржыдан 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп тағы бір күдікке ілінгенін хабарлады.

Кейін Астана соты бұлтартпау шарасымен Перизат Қайрат екі ай мерзімге қамауға алынғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190131-qazaqstandagy-qaiyrymdylyq-qorlaryn-memleket-baqylauga-ala-ma-qarzhy-ministri-pikir-bildirdi/