jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның Киевтегі елшілігі Украинада жүрген азаматтарға елден кетуге кеңес берді

Қазақстанның Киевтегі елшілі
Қазақстанның Киевтегі елшілі. Фото: NEXTA Telegram-арнасы

20 қарашада Қазақстанның Киевтегі елшілігі Украина аумағында жүрген қазақстандықтарға әуе шабуылдарының жиілегенін ескертіп, осы елден кетуге кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәлімет елшіліктің Telegram-арнасында жарияланды.

Елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асып, дереу пана табуға, жеке басының қауіпсіздігін ойлауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды.

Украинадан кеткісі келетін қазақстандықтар Польша немесе Молдоваға өтіп, әрі қарай коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Елшілік Молдоваға кіру үшін виза қажет еместігін, ал Польшаға Шенген визасымен ғана кіре алатынын ескертеді.

Украинада төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтар елшіліктің консулдық бөліміне немесе сенім телефонына хабарласа алады: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031, +380673470408.

Еске салсақ, сәрсенбіге қараған түні Ресей Украина аумағын 122 дронмен, С-300 және Х-59/69 зымырандарымен атқылады. Киев, Черкасск, Чернигов, Полтава, Кировоград, Житомир, Хмельницк, Сумы, Николаев, Херсон, Запорожье, Днепропетровск, Донецк және Харьков облыстарына соққы жасалды.

Қазақстанның Киевтегі елшілігі Украинада жүрген азаматтарға елден кетуге кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.