Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылды
Опубликовано:
Бүгін, 21 қарашада Қазақстанның барлық аймақтарында сағат 11:00-де дабыл қағылды. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл шараның оқу-жаттығу аясында өтетінін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылдың 21-22 қарашасында елімізде "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Республикалық штаб Көкшетау қаласында орналасқан.
"Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері қатысады.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғау жүйелерінің қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығы бағаланатын болады", - делінген хабарламада.
Аталмыш шара аясында бүгін сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылды, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі уақытша үзілді. Дабыл халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2190509-qazaqstannyng-barlyq-ongirlerinde-dabyl-zhuiesi-iske-qosyldy/