Елімізде бірқатар өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жарияланған күні:
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Павлодар облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
- "Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы);
- "Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);
- "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
- "Қызылорда – Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
- "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Ұлытау облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда – Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190827-elimizde-birqatar-ongirde-aua-raiyna-bailanysty-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoiyldy/