jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде бірқатар өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Боран
Боран. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

  • "Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы);
  • "Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);
  • "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

  • "Қызылорда – Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
  • "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Ұлытау облысында 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда – Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Елімізде бірқатар өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.