Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мынау мазақ қой": Атырауда баспанаға мұқтаж анаға адам тұрғысыз күйдегі пәтерді ұсынған әкімдік сынға қалды

Жарияланған күні:

пәтер
Ерекше балалардың анасына ұсынылған пәтер. Видеодан кадр: instagram.com/rustembayaziev

Үй кезегінде тұрған ерекше балалардың анасына Атырау қаласының әкімдігі әбден тозығы жеткен, тұруға жарамсыз күйдегі үйді уақытша паналауға ұсынған. Пәтердің видеосын көрген желі қолданушылары наразылық білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба атыраулық белсенді Рүстем Баязиевтің парақшасында пайда болды. Оның айтуынша, Атырау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі ерекше балалары бар анаға уақытша пәтер берген. Бірақ пәтердің жағдайы ешқандай талапқа сай емес: пәтердің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткені, ескі екені байқалады.

Видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Желі қолданушылары әкімдіктің бұл ісін сынға алды.

"Қай бетімен мынаны үй деп беріп отыр? Өздері осындай үйде тұрар ма еді?", "Өздерің балалармен тұрып қараңдаршы бұл үйде", "КСРО кезінен жөндеу көрмеген үй", "Берген адамдардың өздерін тұрғызып қоятын бұл үйге", "Мынау мазақ қой", - деп пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары.

Бұл жағдайға қатысты Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдірді. Әкімдік өкілінің сөзінше, бұл пәтер өтініш білдірген анаға уақытша тұруға ұсынылған, бірақ онда әлі ешкім тұрмайды.

"Атырау қаласы Владимирский көшесі 99үй, 14 пәтер мекенжайында қазіргі уақытта ешкім тұрмайды. Бұл пәтер "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы" бөліміне өтінішпен келген анаға уақытша тұру үшін ұсынылған болатын. Өтініш иесі, кезегі келмегендіктен және үй жалдауға қаражатының жетпейтінін айтып, уақытша тұратын орын іздеген. Ұсынылған мекенжайды визуалды түрде қарап шыққаннан кейін, өтініш иесі бұл пәтер бойынша өз шешімін қабылдайтын болады", - деп жауап берді портал тілшісіне әкімдік өкілі.

Автор: Ләззат Салимова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191145-mynau-mazaq-qoi-atyrauda-baspanaga-muqtazh-anaga-adam-turgysyz-kuidegi-paterdi-usyngan-akimdik-synga-qaldy/