jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттегі алқа мәжілісінде білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Шымкенттегі алқа мәжілісі
Шымкенттегі алқа мәжілісі. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкенттегі "Түркістан" сарайында білім басқармасының ұйымдастыруымен алқа мәжілісі өтті. Жиынға білім беру мекемелері мен балабақша, колледж басшылары, құқыққорғау органдарының өкілдері және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Бұл туралы қалалық ӨКҚ Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Мәжіліс барысында білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлнар Дәрібаева баяндама жасап, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, сапалы білім алуы және қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде білім саласындағы кейбір олқылықтарды атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, суицид және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы шараларды күшейту қажеттігін баса айтты.

Жиын қорытындысы бойынша, білім басқармасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Шымкенттегі алқа мәжілісінде білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.