jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Әскери ұшақтар және көлік қозғалысын шектеу: Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері астаналықтарға үндеу жасады

Мемлекеттік күзет қызметі Астанада
Мемлекеттік күзет. Фото: gov.kz

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің алдағы отырысына байланысты Астана тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ МКҚ-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 27-28 қарашада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық аясында Астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Негізінен шектеулер:

  • "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандар к-рі.);
  • "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғ.);
  • "Алматы" (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарына қатысты болады.

"Әзірлік шараларында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар 27 қарашада Астана қаласы аспанында Қорғаныс министрлігі майдан авиациясының ұшуы жоспарланған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство өкілдері Астана тұрғындары мен елорда қонақтарын жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

Әскери ұшақтар және көлік қозғалысын шектеу: Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері астаналықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.