Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда уақыт ауыстыру Ресейден экспорттайтын электр қуатының көлеміне әсер етті ме

Жарияланған күні:

Электр желісі
Электр желісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетика министрі Қазақстанның электр қуатын тұтыну көрсеткіші қаншалықты артты деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкелі бері республиканың кей өңірінде қараңғы ерте түсетін болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, KEGOC электр желілерін басқару компаниясы электр қуатын сатып алар уақытта станциялардың бәрінің жұмысына сай туындаған сұранысты ескереді.

"Қазір біздегі қуат көздерінің бәрінің өндірісі жалпы сұранысты жаппайды. Электр қуатын әсіресе кешкі уақытта көбірек тұтынатыны мәлім. Дәл осы уақытта жетіспейтін электр энергиясы сырттан алынады. Цифрлар бәріне мәлім, бірақ оны қандай да бір факторға байланыстырғым келмейді", - деп жауап берді министр парламенттегі журналистердің сауалына.

Дегенмен Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан электр энергиясын бұрынғыдан көбірек экспорттап жатқанын мойындады. Алайда министр оны елде жүргізілген жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр.

"Қазақстанда көп жылдан бері алғаш рет қуат көздерін жөндеуге назар аударылды. Электр станциялары ғана емес, жылу электр орталықтары да жөнделді. Қомақты қаражат аударылды. Жұмысшылар айлығы көтерілді. Жөндеу кезінде электр қуатын шетелден сатып алып отырдық", - деп түсіндірді министр.

"Жалпы алғанда, электр энергиясын тұтыну көрсеткішінің артуы Қазақстанда халықтың тұрмыс деңгейінің жақсара түскенімен де байланысты", - деп есептейді Сәтқалиев.

Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағы бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Қазақстандықтардың дені өзгерісті сынады. 7 маусымда осы мәселеге қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды.

Алайда премьер-министр үкіметтің бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бастамасын дұрыс деп атап, қарамағындағыларға халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Өткен аптада оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтар денсаулығына әсерін зерттеуге шамамен 90-100 млн теңге бөлінуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192145-qazaqstanda-uaqyt-auystyru-reseiden-eksporttaityn-elektr-quatynyng-kolemine-aser-etti-me/