jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада ҰҚШҰ кеңесінің отырысына байланысты кей көшелер жабылады

Астана
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

28 қарашада Астанада кейбір учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Әкімдік ақпаратынша, көшелердің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі:

  • Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін);
  • Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.

Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген.

27 қарашада ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.

"Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген әкімдік ақпаратында.

Астанада ҰҚШҰ кеңесінің отырысына байланысты кей көшелер жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.