Астанада ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Опубликовано:

Астана қаласында көлік қозғалысы қиындап, тұрғындар ұзақ уақыт кептелісте қалғанын хабарлауда. Кейбір көшелердің жабылуы жағдайды одан әрі күрделендірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
2GIS деректері бойынша, мақала жазылған сәтте Астанадағы кептеліс деңгейі 8 баллға жеткен. Көліктердің басым көпшілігі қала орталығында шоғырланған.

Кептелістің негізгі себептерінің бірі – Ақорда маңындағы көшелердің кейбір бөліктерінің жабылуы. Бұл туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ әлеуметтік желіде тұрғындар жағдайға шағымданып жатыр.
Жүргізушілер: "Бір жерде тұрғанымызға 30 минут болды", "Бітпейтін кептіліс", "Ақорда аумағында дабыл қағатын көліктер жүр", - деп жарыса пікір білдіруде.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2193395-astanada-uzyn-sonar-keptelis-paida-boldy/