jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елдің бірнеше аймағында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Қыс мезгілі, көлік
Көлік. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

Бүгін сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолда жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсызыдғына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелген.

Қарағанды облысы:

  • "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы.
  • "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
  • "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.

Ұлытау облысы:

  • "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.

Павлодар облысы:

  • Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.

"Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Елдің бірнеше аймағында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.