jitsu gif

Шымкент әуежайы 2 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Әуежай
Әуежай: pixabay.com

Бүгін Шымкент әуежайы екі миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Бұл жолаушы қала тұрғыны Гүлжан Кенже болды. Әуежай ұжымы оған Қазақстан аумағында саяхат жасауға сертификат табыстады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Әуежай тарихындағы бұл салтанатты іс-шараға қала әкімдігі, Vizit Shymkent және SCAT авиакомпаниясының өкілдері қатысты.

Қала халқының жылдан-жылға артуы және туристер санының көбеюі әуежай жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызмет сапасын жақсартуды талап етеді. Әкімдік тарабынан әуежай аумағында автотұрақ абаттандырылып, кірме жол және инженерлік желілер жүргізілді.

Бүгінде жаңа терминалдың құрылысы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда терминал аумағы абаттандырылып жатыр. Жобаның жалпы орындалу көрсеткіші 99 пайызға жетіп, құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шымкент әуежайы 2 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.