jitsu gif

Мектептерде жаңажылдық кештерге ақша жинауға бола ма: оқу-ағарту министрі жауап берді

Құпия Санта
Көрнекі фото: freepik.com, автор: @teksomolika

Бүгін үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жылды қарсы алуға және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұрын айтқанымды тағы нақтылайын, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұған министрлік бұйрығы бойынша тыйым салынған. Мектептерде жиналу деген болмауы керек, тіпті олар мектеп бітіру кеші және шырша сияқты басқа да іс-шаралар болса да.

Кез келген іс-шараны ешқандай ақша жинаусыз өткізуге болады. Әсіресе олардың барлығы қабылданған "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жоспарланғандықтан және кез келген іс-шара,өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуға тиіс, көңіл көтеруге емес.

Мұғалімдер мен сыйлықтарға қатысты мұғалімдер күніне гүл сыйлауға бола ма – иә, рұқсат етілген сома бойынша гүл сыйлауға болады. Білуімше ұстаздар, ешкімнен сыйлық күтпейді. Біз, ұстаздар, ешқандай материалдық сый күтпей-ақ балаларды оқытып, тәрбиелеп жатырмыз", - деді министр Ғани Бейсембаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.