jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

180-нен аса өтініш қарастырылған: Шымкент әкімі азаматтарды қабылдады

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Күні кеше Шымкент қаласы әкімдігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Қала тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, абаттандыру мәселелеріне қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметінше, тұрғындар қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға байланысты ұсыныстарын білдірген. Бірқатар мәселенің шешімі алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы бір күн ішінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 180-нен астам азаматты қабылдаған.

Қала басшысы салаға жауаптыларға тұрғындармен кері байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

180-нен аса өтініш қарастырылған: Шымкент әкімі азаматтарды қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.