jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БЗЖҚ өкілдері зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі сол деңгейде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БЖЗҚ 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шекті жариялап, ТЖШ өлшемдері 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалғанын хабарлады. Еске салсақ, 2024 жылы да ТЖШ мөлшері көтерілмеген болатын.

2025 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2025 жылға арналған мына әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

  • ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 46 228 теңге.

"Жекелеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің ұлғаюына қарамастан, ТЖШ мөлшерінің бұрынғы деңгейде сақталуы (2024 жылмен салыстырғанда, өзгеріссіз) ең төменгі жалақы мөлшері және зейнетақы жинақтары кірістілігінің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесі сияқты маңызды өлшемдердің өзгеріссіз қалуымен ішінара байланысты болса керек", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

БЖЗҚ сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ТЖШ – ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

"Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналарының (ең төменгі жалақы мөлшерінен) болжамды есептеулеріне және инвестициялық кірістілікке сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемі есебімен) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы да ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері өзгеріссіз, бұрынғы деңгейде қалған болатын.

Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.