jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда бір топ ер адам намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған

Ер адамдар жолдың жүріс бөлігінде намаз оқып тұр
Алматыда жолда намаз оқып тұрған ер адамдар. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_life02

Алматы тұрғындары намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған ер адамдардың үстінен шағымданды. Қалалық полиция осы жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы almatinec_life02 парақшасында жарияланды.

Автордың мәліметінше, видео жұмада Алматы орталық мешітінің жанында жұма намазы кезінде түсірілген. Кадрдан ер адамдардың жол бойында намаз оқып тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары ер адамдар бұл әрекетімен жедел жәрдем көлігінің өтуіне кедергі келтіріп жатқанын айтады.

Осы жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бір күн бұрын Медеу ауданында болған.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың хабарламасы бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырды.

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы "Заң мен тәртіп" қағидасын еске сала отырып, кез келген құқыққа қайшы әрекеттер жауапкершілікке әкелетінін атап өтті", - делінген полиция түсініктемесінде.

Алматыда бір топ ер адам намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.