jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан Қобландин
Қалижан Қобландин. Фото: polisia.kz

Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қалижан Қобландин тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.

Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

ІІМ Алматы академиясы ішкі істер органдарын білімі озық, жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз етеді. Академия жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.