Қарағандыда су құбыры жарылып, бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағандының бірнеше көшелерінде су құбырының жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша су тоқтатылды. Судың ағуын жою үшін су өшіріледі, деп хабарлайды "Қарағанды су" ЖШС-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда қаланың бірнеше көшесінде уақытша су тоқтатылады.
Атап айтқанда, мына көшелердің бойында орналасқан үйлерде уақытша су болмайды:
Затаевич көшесі 15-77а, Керамическая 5-82а, Рыбная 1-58, пер.Хоровой 1-20, Кондитерская 1-58, Ключевая 36-60, Кирпичная 14 үй мекенжайларында. "Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 2 желтоқсанда су құбырындағы ақауды жою үшін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бірқатар көшеде су беру тоқтатылған болатын.
Сонымен қатар қазан айының ортасында Шымкенттің бірнеше ауданында су уақытша тоқтатылғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198147-qaragandyda-su-qubyry-zharylyp-birneshe-koshening-turgyndary-susyz-qaldy/