jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағандыда су құбыры жарылып, бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды

Су құбыры
Су құбыры. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандының бірнеше көшелерінде су құбырының жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша су тоқтатылды. Судың ағуын жою үшін су өшіріледі, деп хабарлайды "Қарағанды су" ЖШС-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда қаланың бірнеше көшесінде уақытша су тоқтатылады.

Атап айтқанда, мына көшелердің бойында орналасқан үйлерде уақытша су болмайды:

Затаевич көшесі 15-77а, Керамическая 5-82а, Рыбная 1-58, пер.Хоровой 1-20, Кондитерская 1-58, Ключевая 36-60, Кирпичная 14 үй мекенжайларында. "Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 2 желтоқсанда су құбырындағы ақауды жою үшін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бірқатар көшеде су беру тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар қазан айының ортасында Шымкенттің бірнеше ауданында су уақытша тоқтатылғанын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.