jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Тұман және бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман
Тұманды ауа райы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады – еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанада 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сейсенбі Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ертең түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

10 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ертең түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі.

Сейсенбі Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

10 желтоқсанда түнде Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.

Ертең күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 м/с болады.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15- 20 м/с болады.

"9 желтоқсан сағат 20.00-ден 10 желтоқсан сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Тұман және бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.