Зектілері

Қызылорданың сол жағалауы кеңейіп, даму үстінде

Жарияланған күні:

Қызылорданың сол жағалауы кеңейіп, даму үстінде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қазір Қызылорда қаласының келбеті күн санап көркейіп келеді. Сол жағалаудағы жаңа қалада сәт сайын сәні мен салтанаты келіскен сәулетті ғимараттар сабы бой түзеп, оған қабаттас тағы да серпінді құрылыстар жүргізілуде. Осыған қарап-ақ шырайлы шаһардың алып құрылыс алаңына айналғанын аңғару қиын емес, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімдігі.

Ел президентінің, үкімет басшысының қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен қалада ауқымды жобалар атқарылып, сол жағалаудан Жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне берілгені белгілі. Одан бөлек, №2 шағын ауданда 470 пәтерлік 10 көпқабатты үйдің кілті тұрғындарға табысталды. Жылына он мың адамға қызмет көрсете алатын Қан орталығы ашылды. Жалпы сыйымдылығы 200 жолаушыға шақталған заманауи үлгіде салынған автовокзал халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Қызылорданың сол жағалауы кеңейіп, даму үстінде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қуатты құрылыспен қатар көшелердің көгалдандырылуы, аулалардың абаттандырылуы, тұтас тазалықтың үйлестірілуі толықтай қамтамасыз етілуде.

Қызылорданың сол жағалауы кеңейіп, даму үстінде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгінге дейін бұқараның жиі бас қосатын Жастар ресурстық орталығы, Қазақ орталық атқару комитетінің музейі де, "Болашақ" университеті, 700 орындық жеке мектеп және 320 орындық балабақшасы да осы ауданның айшықты нысаны саналады. Алдағы уақытта физика-математика мектебі мен заманауи стадионның құрылысы бітсе, жаңа қала мұнан сайын жарқырай түсетін болады.

Бұл – нәтижелі істердің нышаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198325-qyzylordanyng-sol-zhagalauy-kengeiip-damu-ustinde/