Зектілері

Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Жарияланған күні:

Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары қарқын жүріп жатыр. Биыл 18 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімдігі.

Қызылорда қаласында көпқабатты 815 үй бар. Олардың біршамасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мәселені шешу үшін аймақ басшысының қолдауымен өткен жылы 11 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылса, биылғы жылы 18 көпқабатты үйге жөндеу жүргізілуде.

Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бұл жұмыстарға 1 млрд 926 млн теңге бөлінді. Кешенді бағдарлама арқылы тұрғын үйдің инженерлік жүйелері жаңалануда.

Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Сыртқы қасбеті әрленіп, шатыр мен подъезд іші жаңғыртылуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың келісімі арқылы іске асырылады.

Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Айта кету керек, күрделі жөндеу жұмыстары "Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттеріне кредиті" республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында іске асырылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198342-qyzylordada-kurdeli-zhondeu-zhumystary-qarqyndy-zhurude/