jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық қоғам белсендісіне Энтони Блинкен халықаралық сыйлық табыс етті

Энтони Блинкен мен Дидар Смағұлов
Энтони Блинкен мен Дидар Смағұлов. Фото: https://www.facebook.com/ДидарСмагулов

"Ұлттық тестілеу орталығының" бұрынғы директоры, қазақстандық қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Энтони Блинкеннің қолынан халықаралық сыйлық алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дидар Смағұловтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Америка Құрама Штаттарына баруымның басты себебін айтатын кез келді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері үшін АҚШ Мемлекеттік департаменті ұсынған жоғары халықаралық сыйлыққа 10 үміткердің бірі болу құрметіне ие болдым.

Оны мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен табыстады", - деп жазды ол.

Дидар Смағұлов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша тиімді жүйелі реформаларды енгізгені үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартудағы қызметі үшін марапатталған жеткізді.

"Бұл ұжымдық марапат деп есептеймін, өйткені әсерлі нәтижелердің артында менің командамның үлкен және адал еңбегі жатыр", - деді Смағұлов.

Мұндай қолдау шабыттандыратынын, одан ынталандыратынын атап өтті.

Қоғам бесендісі сыйлықты алғаннан кейін бірден Қазақстанның АҚШ-тағы елшісінің қабылдауында болғанын айтты.

Қазақстандық қоғам белсендісіне Энтони Блинкен халықаралық сыйлық табыс етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.