jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте 16 желтоқсан күні ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді

ХҚКО "Азаматтарға арналған үкімет"
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсан жұмыс істемейтінін хабарлады. Бұл ретте 14 желтоқсан кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді 9.00-ден 13.00-ге дейін алуға болады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

17 желтоқсан, сейсенбі күні қалалық ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

Еске салайық, орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Шымкентте 16 желтоқсан күні ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.