jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ляззат Салимова
Ляззат Салимова
Бұрынғы қызметкер

"Бос тұр": Асхат Шахаров Ақтөбедегі президент резиденциясы туралы айтты

Асхат Шахаров
Асхат Шахаров. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қалада орналасқан президент резиденциясы қазіргі кезде ештеңеге пайдаға аспай, бос тұрғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Асхат Шахаровтан журналист президент резиденциясының жағдайы туралы сауал қойды.

"Біз ол ғимаратты қайда пайдаланамыз деп көп ойландық. Бірақ оның көлемі бар жоғы 300 шаршы метр. Ешқандай мекеме отыруға келмейді. Балаларды орналастыру туралы тапсырма болды. Бірақ демеушімен келісіп психологиялық көмекті қажет ететін балалар үшін қаланың орталығынан 3 қабатты ғимарат сатып алып, сол жерден "Жан ахуал" деген орталық аштық",- деп жауап берді әкім.

Асхат Шахаровтың мәліметінше қазіргі кезде Ақтөбедегі президент резиденциясы бос тұр, әзірге оны пайдалану бойынша ешқандай жоспар жоқ.

Кейін Ақтөбе облысы баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Қала маңында орналасқан президент резиденциясы «Қазхром» ТҰК» АҚ тиесілі екенін айтты.

"Президент резиденциясының негізгі аумағы мен ғимараты «Қазхром» компаниясының меншігінде. Резиденцияның аумағындағы көлемі 483,5 шаршы метрді құрайтын ғимарат пен 0,2 гектар жер Ақтөбе облысы әкімдігіне қарайды. Бұл ғимарат пайдаланылмай бос тұр. Оны күтіп-ұстауға қаражат қарастырылмаған"- дейді әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі.

"Бос тұр": Асхат Шахаров Ақтөбедегі президент резиденциясы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.