jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте бірқатар балалар киімі мен ойыншығы талапқа сай емес болып шықты

Ойыншық
Ойыншық. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте ссанитар дәрігерлер бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған тауарлардан кемшіліктер анықтаған. Мәселен, шымкенттік сала мамандары тексерілген 9 ойыншықтың жартысынан көбіне талапқа сай емес деген анықтама берді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, СЭҚ мамандары бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған киім мен аяқ киімнің 485 үлгісіне сынама жүргізіп, 358-інен кемшіліктерді анықтаған. Тексерілген нұсқалардың 7 пайыздан астамы физикалық-гигиеналық талаптарға сай келмеген.

"Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін 358 үлгі анықталды. Оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімі 65, басқа елдердің өнімі 293. Бұзушылықтардың 92,7 пайызы таңбалау ережелерін сақтамау болса, 7,3 пайызы физикалық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес келмеу", - деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Ал Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жыл басынан бері тоғыз балалар ойыншығына сынама жүргізген. Оның алтауы талапқа сай болмай шыққан.

"Балалар киімінен 7 үлгі зерттелді. Оның екеуі таңбалау көрсеткіші бойынша талапқа сай келмеген, таңбасы мемлекеттік тілде болмаған. Одан бөлек 9 ойыншық зерттелді. Оның алтауынан таңбалануы бойынша сәйкессіздік анықталды", - деді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Шымкентте бірқатар балалар киімі мен ойыншығы талапқа сай емес болып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.