jitsu gif

Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжеге күрделі ота жасап, инсульттың алдын алды

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қалалық №2 аурухана дәрігерлері 70 жастағы әжеге күрделі ота жасап, аман алып қалды. Науқас ауруханаға кенеттен басының қатты ауруы, құсу және есінен танып құлау белгілерімен жеткізілген, деп хабарлайды "Шымкент келбеті" басылымы.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жедел түрде жасалған бас миының компьютерлік томографиясы нәтижесінде қан тамырында тромб бар екені анықталған.

"Бұл жағдай өте қауіпті, себебі миға қан құйылуына әкелуі мүмкін. Дәрігерлер уақытты жоғалтпай, жоғары технологиялық ангиография әдісімен күрделі ота жасады.

Тромб сәтті алып тасталды. Науқастың жағдайы қазіргі таңда жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады", - делінген хабарламада.

Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жасалды. Жалпы Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері МӘМС шеңберінде мыңнан астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген.

Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжеге күрделі ота жасап, инсульттың алдын алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.