jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Атыраудың апатты үй кезегінде тұрған 73 отбасы Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа пәтердің кілтін алды

Шәкір Кейкин жаңа пәтер иелеріне кілттерді салтанатты түрде табыс етті
Шәкір Кейкин жаңа пәтер иелеріне кілттерді салтанатты түрде табыс етті. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының апатты үй кезегінде тұрған 73 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі хабарлайды.

Бұл – қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың жарқын дәлелі. Қала әкімі Шәкір Кейкин жаңа пәтер иелеріне кілттерді салтанатты түрде табыс етті.

Қала әкімі Шәкір Кейкин
Қала әкімі Шәкір Кейкин.Фото: Атырау облысы әкімдігі

Қоныс иелері Қожақаев көшесінің 7 және 11 үйлері, Бейбітшілік көшесінің 66 үйі, Достық көшесінің 8 үйі, Оңдасынова көшесінің 9 үйінен жаңа көпқабатты үйге көшірілді. Сонымен қатар, Дамбы және Аспа ауылдарының тұрғындары Зарослый ауылындағы жеке секторлы жаңа үйлерге ие болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Апатты көпқабатты үйде тұрған 67 отбасы «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен пәтер алса, ауыл тұрғындары жаңа, заманауи үлгідегі жеке үйлерге қоныстанды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс. Фото: Атырау облысы әкімдігі

"Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және жаңа қоныстарыңызбен облыс басшысы Серік Жамбылұлының және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! Жаңа шаңырақтарыңыз бақыт пен шаттыққа толы болсын. Әр отбасында тек береке мен молшылық орнап, өмірлеріңіз тек жақсылыққа толы болғай",- деді қала әкімі Ш.Кейкин.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Жыл басынан бері Атырау қаласы бойынша апатты және әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға 350-ден астам жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі. Жүйелі жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Атыраудың апатты үй кезегінде тұрған 73 отбасы Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа пәтердің кілтін алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.