jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Алматыда бір тәулікте он күндік норма мөлшерінде қар жауды (фото)

Алматыны қардан тазарту
Алматыны қардан тазарту. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

15-16 желтоқсанда Алматы қаласында қалың қар жауды. Қалаға қардың желтоқсандағы бір айлық мөлшерінің үштен бірі немесе бір тәулікте он күннің нормасы түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Алматы қаласына 22 см қар жауды. Ал Шымбұлақ, Каменск үстіртіне одан екі есе көп түсті.

Мегаполис әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, қазірдің өзінде қала көшелерінен 6,5 мың текше метр қар шығарылған. Қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника мен 1080 жұмысшы жұмылдырылды. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Техника қала көшелеріндегі қарды тазалап жатыр
Алматыда жауған қар. Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдік қаланы түнге дейін қардан тазартуды көздеп отыр.

"Бір тәулікте жауған қардың мөлшері он күндік нормаға жеткендіктен, қаланың негізгі магистраль көшелерін қардан тазарту түнде аяқталады", - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Коммуналдық қызмет мамандары қала көшесіндегі қарды шығарып жатыр
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдік қар шығару жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында "тұрғындардан әсіресе түнде автокөлікті жол шетіне қоймауды сұрайды".

Алматыда бір тәулікте он күндік норма мөлшерінде қар жауды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.